Description

МЭС-02-(П-К)-Т-ВЭ стационарлық қосалқы электроды бар мыссульфатты салыстыру электродтары коррозия процесін болдырмау немесе баяулату үшін, сондай-ақ металл бетінде поляризациялық және жиынтық потенциалдарды дәл өлшеу үшін қолданылады.

МЭС-02-(П-К)-Т-ВЭ металл конструкциясының залегание тереңдігіне сәйкес, топырақтың қату деңгейінен төмен тереңдікке дейін топыраққа орналастырылады. Өткізгіштер коверге немесе КИП-ке шығарылады, сондай-ақ тасымалды режимде қолданылуы мүмкін.

МЭС-02-(П-К)-Т-ВЭ стационарлық қосалқы электроды бар мыссульфатты салыстыру электродтары ұзақ уақыт бойы тұрақты потенциалды қамтамасыз етеді. Полярланбайтын электрохимиялық жүйе арқылы өтетін аз ток кезінде де өзінің потенциалын іс жүзінде өзгертпейді, бұл өлшеу және бақылау кезінде дәл әрі сенімді нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Артықшылықтары

Бұл құрылғыларды пайдалану үшін пайдаланушы ұйым тарапынан электролитті алдын ала дайындау немесе құю талап етілмейді, олар пайдалануға дайын түрде жеткізіледі.

МЭС-02-(П-К)-Т-ВЭ стационарлық қосалқы электроды бар мыссульфатты салыстыру электродтары орналастырылған контейнер вандалға төзімді материалдан жасалған.

Топырақпен электролиттік контактіні қамтамасыз ету үшін белгілі бір кеуектілігі бар сыртқы керамикалық мембранадағы капиллярлық арналары пайдаланылады.

МЭС-02-(П-К)-Т-ВЭ стационарлық қосалқы электроды бар мыссульфатты салыстыру электродтарының қосылу өткізгіштерінің ұзындығын тапсырыс беруші айқындайды.

Сипаттамалары

Бентониттен жасалған арнайы камера ЭС электролиті мен топырақ электролитінің араласып кетуін болдырмайды.

Ағыс таралу кедергісі 5 кОм-нан аспайды.

Зертханалық хлоркүміс эталон электроды бойынша орташа потенциалы 100±20 мВ құрайды.

Кабель шығарғысының ұзындығы тапсырыс берушінің қажеттілігіне сәйкес таңдалады, бірақ 2 м-ден кем болмауы тиіс.

Өндіруші салыстыру электродтарының 30 жылға дейін жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Кабель шығарғыларын есептемегендегі масса 2,5 кг-нан бастап.

Байланыстар
Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., өнеркәсіптік аймақ 3, учаске 2, KM GROUP өндірістік базасы