Description
Мыссульфатты салыстыру электродтары әртүрлі типтегі құбыржелілерде және басқа да құрылыстарда өлшеу жұмыстарын орындау үшін қолданылады. Стационарлық салыстыру электродтары металл құрылыстардың коррозиялық өзгерістерден қорғалу дәрежесін өлшеу үшін пайдаланылады.
МЭС-02-(П-К)-Г-ВЭ моделі екі корпустан тұратын құрылғы болып табылады. Сыртқы керамикалық корпус өлшеулер кезінде электролиттік байланысты қалыптастыру және ұстап тұру үшін қызмет етеді. Кеуекті керамика жеткілікті берік және орташа механикалық әсерлерге төзімді. Оның ішінде өлшеу модулі орналасқан. Бұл – мыс купоросымен толтырылған екінші корпус. Дәл осы корпуста салыстыру электроды орналасады. Корпустар арасындағы кеңістік ылғал ұстағыш материалмен толтырылады.
Поляризациялық потенциалды өлшеу үшін құрылғы қосалқы электродпен жабдықталған. ВЭ корпусдың төменгі бөлігінде орналасады және клеммаларға қосылады. Негізгі және қосалқы электродтардан таңбаланған сымдар шығарылған. Ақпараттық биркалар ЭС-ті пайдалануды және оған қызмет көрсетуді жеңілдетуге арналған. ВЭ (вспомогательный электрод) бар стационарлық мыссульфатты ЭС құрғақ (засушливые) өңірлерде өлшеулер орындау үшін қолданылады.
Екі корпусты ЭС конструкциясында мыналар қарастырылған:
- өлшеу модулі;
- сыртқы және ішкі корпус;
- ылғал ұстағыш толтырғыш;
- қосалқы электрод және өткізгіш;
- жылу шөгілмелі муфта.
Құрылғыны 0-ден +55 градус Цельсий температура аралығында пайдалануға болады.
Тауар сипаттамалары
Мыссульфатты ЭС кемінде 2 метр ұзындықтағы кабельдік шығарғылармен жеткізіледі. Тапсырыс беру кезінде сымдардың қажетті ұзындығы көрсетілуі мүмкін. Осы көрсеткішке байланысты бұйымның соңғы құны айқындалады.
| Параметрлері | Мәні |
| Салмағы, кг | 4,2 |
| Сымдардың минималды ұзындығы, м | 2 |
| Пайдалану мерзімі, жыл | 30 |
| Кедергісі, кОм | 5 |
| Потенциалы, мВ | 100 |

