Description
УКТ жерасты металл құрылыстарын электрохимиялық коррозиядан катодтық және протекторлық қорғау жүйелерінде қолданылады.
Тағайындалуы: анодтық жерлендіргіштер, протекторлар және электрлік көпіршелер токтарын арна бойынша бақылау.
УКТ платасы шынытекстолиттен жасалады, оған электрлік сұлбаның элементтері орнатылады.
Анодтық жерлендіргіштерден келетін өткізгіштерді катодтық станцияның оң клеммасына қосу токты бақылау құрылғысының күштік блогы арқылы жүзеге асырылады.
Құрылғы екі типте шығарылады:
- өлшеу контактілері бар күштік блок;
- өлшеу контактілері және сандық индикациясы бар күштік блок.
Екі типтегі УКТ әрбір тізбекте токты тасымалды өлшеу аспабы арқылы өлшеуге мүмкіндік береді. Екінші типтегі құрылғыда тиісті арнаның қарсы жағына орнатылған индикатор түймесі арқылы өлшеу тізбегін тұйықтау жолымен токты өлшеу мүмкіндігі іске асырылған.
УКТ токты бақылау құрылғысы КИП.КМГ тіреуішінің ішінде (П01 типі, П02 типі, 3 типі) орнатылады.

