Description
УЗТ жоғары кернеулі электр беру желілерінің және басқа да жоғары кернеу көздерінің электромагниттік әсері нәтижесінде индуцирленген айнымалы токты әкетуге арналған. Құрылғы құбыржелі ЭХЗ-сымен қалыптастырылатын қорғаныс потенциалына әсер етпейді.
УЗТ 110 кВ және одан жоғары кернеулі электр беру және кабельдік желілерден, сондай-ақ айнымалы токтағы ЭЖД-ден айнымалы ток көздерінің қауіпті әсері болатын орындарда көзделуі тиіс, атап айтқанда:
- құбыржелі ВЛ, КЛ, ЭЖД-мен параллель өтетін учаскелерде;
- құбыржелінің ВЛ, КЛ, ЭЖД-мен қиылысу орындарында;
- құбыржелілердің ВЛ, КЛ, ЭЖД-ге жақындау және олардан қашықтау учаскелерінде.
Айнымалы токтан дренаждық қорғау жүйесінің негізгі функциялары:
- жерлендіру контуры арқылы жоғары кернеулі электр беру желісімен индуцирленген айнымалы токты құбыржеліден әкету;
- құбыржелінің стандартты жерлендіруінен ерекшелігі ретінде ЭХЗ қорғаныс потенциалының ағып кетуін болдырмау;
- сұлба құрамына кіретін блок трансформаторы арқылы әкетілетін айнымалы токты өлшеу.
УЗТ келесі құрылғылар орналастырылған бокс болып орындалған:
- айнымалы токты жерлендіру құрылғысына әкетуге арналған конденсаторлы блок;
- атмосфералық асқын кернеулерден (найзағайдан қорғау) қорғайтын құрылғы – газразрядты ұшқынүзгіш;
- әкетілетін айнымалы токты өлшеуге арналған трансформатор;
- құбыржелісіне электрохимиялық жабдық орнатылған кезде белгіленген жиіліктегі айнымалы токтың ағып кетуін болдырмауға арналған жиілік сүзгісі (стандартты орындауда 1100 Гц жиілігімен).
Жеткізу құрамы
| Атауы | Өлшем бірлігі |
Саны |
| УЗТ бар КИП.КМГ тіреуішi | дана | 1 |
| Клемма панелі қақпағына арналған кілт | дана | 1 |
| Бекіту бөлшектері бар жерге қосқыш | жинақ | 1 |
| Кабель (маркасы Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасымен айқындалады) | м | тапсырысқа сәйкес |
| Пайдалану жөніндегі нұсқаулық | дана | 1 партияға |
| Паспорт | дана | 1 партияға |
| КИП тіреуішін топырақтан еркін суырып алуды болдырмайтын анкерлік құрылғы | дана | 1 |
| Километрлік белгі (Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша) | дана | 1 |
| Аэрозольді бояу (километрлік белгіні тапсырыс берген кезде 10 белгiге 1 баллон) | дана | 1 |
| Сандарға арналған трафарет | жинақ | тапсырыс бойынша саны |
| ЗИП жөндеу жинағы | жинақ | тапсырыс бойынша саны |
| Агротехникалық жабын | м² | тапсырыс бойынша саны |

