Description
Батпақты жерлерде және сусымалы топырақтарда монтаждау, сондай-ақ бақылау және өлшеу жұмыстарын орындау үшін көтергіштік қабілеті төмен топырақтарда бекітуге арналған құрылғысы бар КИП (КИП с УКСГ) қажет. Бұл модель диаметрі 10-нан 142 см-ге дейінгі құбыржеліге монтаждауға арналған.
КИП с УКСГ бірнеше модификацияда тапсырыс беруге болады. Құрылғы 1, 2 және 2В типті КИП-терге орнатылуы мүмкін. Бұйымның жинағына монтаждауға арналған арнайы платформа кіреді. Агрегат құбыржеліге хомуттар арқылы орнатылады. Платформа мен құбырлар беттері арасында диэлектрлік ендірме бекітіледі. Осының нәтижесінде құбыржелі зақымдануынан толықтай қорғау қамтамасыз етіледі.
КИП типіне сәйкес металл профильден жасалған арнайы удлинитель жеткізіледі. Ол платформаға орнатылады. Удлинитель ұзындығы әрбір тапсырыс үшін жекелей айқындалады және 1-ден 2,5 метрге дейін болуы мүмкін. Бұл параметр құбыржелінің топырақта төселу тереңдігінен есептеледі. КИП с УКГС үлгісінің бағасы осы көрсеткішке және бұйымның қосымша жинақталуына байланысты.
Қажетті удлинитель ұзындығын есептеу формуласы:
Lудл = А – В + С,
мұндағы: Lудл – пластикалық удлинитель ұзындығы;
А – топырақ бетінен құбыржелінің жоғарғы түзушісіне дейінгі жату тереңдігі;
В – КИП-тің топыраққа 0,7 м-ге тең көмілу тереңдігі;
С – пластикалық удлинитель раструбының биіктігі, 0,175 м-ге тең.
Осъден ауытқу 200 мм-ден аспауға тиіс. Удлинитель параметрлері бақылау-өлшеу пункті типіне тікелей байланысты. Тіреуіштер жеткізу жинағына кіретін болттар көмегімен бір-біріне қосылады. Бұдан бөлек КИП-сіз УКСГ-ны жеке тапсырыс беруге болады.
Бұйым сипаттамалары
Тапсырыс берушінің қалауы бойынша құрылғы қосымша жабдықпен жинақталуы мүмкін. КИП жеткізу және жинақталуы тапсырысты рәсімдеу сатысында талқыланады. Бұйым топтық (3 дана) және жеке қаптамада жеткізілуі мүмкін.
Жеткізу құрамы
| Атауы | Өлшем
бірлігі |
Саны |
| КИП тіреуішi | дана | 1 |
| Клемма панелі қақпағына арналған кілт | дана | 1 |
| УКСГ платформасы | дана | 1 |
| УКСГ тіреуішi | дана | Саны мен ұзындығы құбыржелінің жату тереңдігіне байланысты тапсырыс бойынша |
| Прокладкасы бар хомут | дана | Құбыржелі диаметрі мен КИП тіреуішi типіне сәйкес |
| Болт, М8 | дана | |
| Шайба, 8 | дана | |
| Болт, М10 | дана | |
| Гайка, М10 | дана | |
| Шайба, 10 | дана | |
| Қатырма 4,8х15 | дана | |
| Маркер | дана | 1 |
| Маркировкалық биркалар | дана | қысқыштар санына сәйкес |
| Кабельдік стяжка | дана | |
| Пайдалану жөніндегі нұсқаулық | дана | 1 партияға |
| КИП тіреуішін топырақтан еркін суырып алуды болдырмайтын құрылғы | дана | 1 |
| * Километрлік белгі (тапсырыс берушінің талап етуі бойынша) | дана | 1 |
| * Аэрозольді бояу (10 белгіге 1 баллон) | дана | 1 |
| * Сандарға арналған трафарет | жинақ | тапсырыс бойынша саны |
| * ЗИП жөндеу жинағы | жинақ | тапсырыс бойынша саны |
| * Агротехникалық жабын | м² | тапсырыс бойынша саны |
* Қосымша тапсырыс бойынша жинақталады

